Клубымызды Атырауда аштық!

27-қараша күні Атырау қаласында “Батыл бол!» қазақша сөйлеу клубы өз жұмысын бастады. «Yemaa» заманауи мәдениет орталығында қазақ тілін бұрын оқымаған өзге ел азаматтары, тілді жаңадан үйренгісі келетін жергілікті тұрғындар, қазақша еркін сөйлей алатын жандар мен еріктілер жиналып, алғашқы кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушалар тіл деңгейіне қарай екі топқа бөлініп, түрлі жаттығулар орындады, пікір алмасты. «Батыл бол!» клубының дәстүріне айналған қазақша ән айту қатысушылардың көңілінен ерекше орын алды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *