2023 жылдың қаңтар айынан бастап «BATYL BOL CLUB» қоғамдық қоры Қазақстанның жетекші компанияларына демеушілік көмек көрсетуге өтінім жолдады.
KAZ Minerals «Батыл бол» жобасы арқылы қазақ тілінің кең қанат жаюына қолдау көрсеткісі келетінін бірінші болып білдірді.

KAZ Minerals тобы — ірі мыс өндірушілердің бірі және Қазақстандағы ең тиімді және жылдам дамып келе жатқан компаниялардың бірі. KAZ Minerals компаниясы өз қызметкерлерін, олардың отбасыларын және айналасындағылардың барлығын қорғау мен құрметтеуді қамтамасыз ететін жоғары корпоративтік жауапкершілігімен танымал.
Компания қызметкерлері Алматыдағы спикерлер клубының отырыстарына қатысып, оқыту деңгейіне, келушілер санына және клубтың атмосферасына риза болды.
2023 жылдың 1 наурызында KAZ Minerals компаниясының «BATYL BOL CLUB» қоғамдық қорының демеушілігі туралы келісімге қол қойылды. Соның арқасында біздің қор 1 жылға қаржы алып, Қазақстанның 7 қаласында өтетін Батыл бол жиындарының үздіксіз жұмысын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Бұл «Батыл бол» жобасы желісінің өсуіне және қазақ тілінің одан әрі таралуына үлкен мүмкіндіктер ашады.
Жобамызға сеніп, қолдау көрсеткен KAZ Minerals тобына мың алғыс!