«Батыл бол» – қазақ тілінде тегін сөйлеу клубтарының желісі.

Біз қазақ тілінің тікелей сөйлесу тәжірибесін қамтамасыз етеміз, әлеуметтік және психологиялық кедергілерді жеңуге көмектесеміз, грамматиканы үйретеміз, қазақ мәдениетін таныстырамыз

Қазақ тілінде сөйлесуді тәжірибе ретінде өткізіп, әлеуметтік пен психологиялық кедергілерді алып тастауға көмектесеміз. Грамматиканы үйретумен қатар қазақ мәдениетіне жақынырақ болуға септігін тигіземіз.

Біз туралы

Батыл бол жобасын Алматыда 2022 жылы 15 сәуірде Алексей Скалозубов волонтерлік негізде бастады. Алғашқы 7 айда ұйымдастырушылар 130-дан астам кездесу өткізіп, 700-ден астам қатысушыны оқытты. Клубтың әрбір отырысы тегін, қатысу тіркелуді қажет етпейді. Дәл осындай клубтар Қазақстанның басқа қалаларында да ашылды: Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және т.б.

Біздің әдістеме

Алғашқы келулерден бастап біздің қатысушылар қазақ тілін өмірлік жағдайларда қолдануды үйренеді – дүкеннен азық-түлік сатып алу, таксиге тапсырыс беру, бір-бірімен танысу. Кейіннен біз тіл ережелерін, грамматиканы үйретеміз және күрделі нәрселерді оңай түсіндіреміз. Білім деңгейі орташа және одан жоғары қатысушылар әңгімелесу топтарында айналысады, оларда еркін тақырыптарда қарым-қатынас тек қазақ тілінде жүргізіледі. Біздің оқу үрдісіміз қазақ тілінде көптеген ойындармен, әндер айтумен, фильмдер көрумен толықтырылады.

Үйірмеге қалай жазылсам болады?

Батыл болға баруды бастау үшін қалаңыздағы клубты таңдау керек.

Есеп беру

Клуб ашылғаннан кейін 7 ай өткен соң «BATYL BOL CLUB» қоғамдық қорын тіркедік. Қор жобаға ашық қаржыландыру тарту, клубтар желісін кеңейтуге көмектесу, клубты Қазақстан тұрғындары үшін одан да қолжетімді ету үшін құрылған. Біз әрбір өткізілген жиналыстың және жұмсалған шығындардың есебін жүргіземіз. Барлық есептер жалпыға қолжетімді болып табылады.

Жобаға қалай көмектесуге болады?

Сіз «BATYL BOL CLUB» ҚҚ ресми деректемелері арқылы ақша аудару арқылы жобаға қолдау көрсете аласыз.

Біз де демеушілермен ынтымақтастықты қарастыруға дайынбыз.

ЖАҢАЛЫҚТАРЫМЫЗ

  • Клубымызды Атырауда аштық!

    Клубымызды Атырауда аштық!

    27-қараша күні Атырау қаласында “Батыл бол!» қазақша сөйлеу клубы өз жұмысын бастады. «Yemaa» заманауи мәдениет орталығында қазақ тілін бұрын оқымаған өзге ел азаматтары, тілді жаңадан үйренгісі келетін жергілікті тұрғындар, қазақша еркін сөйлей алатын жандар мен еріктілер жиналып, алғашқы кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушалар тіл деңгейіне қарай екі топқа бөлініп, түрлі жаттығулар орындады, пікір алмасты. «Батыл…


  • Біз сайтымызды аштық!

    Біз сайтымызды аштық!

    Клубымыздың ашылғанына 7 ай өткен соң, 18 қарашада біз бұл сайтты іске қостық. Бұл шағын және қарапайым. Мұнда біз тек негізгі ақпаратты жариялаймыз.


Галерея

Бізге жазыңыз, біз барлық сұрақтарға жауап береміз